Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 23 тамыздағы № 671 Қаулысы
(2026.24.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Су кодексi 14-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
ҚР Үкіметінің 2026.24.01. № 36 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 23 тамыздағы
№ 671 қаулысына
1-қосымша
Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін құрылысжайлардың
тізбесі
1. Су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар:
1) Сырдария өзенiндегi Шардара су қоймасы;
1-1) Шығыс Қазақстан облысындағы Кіші Үлбі өзеніндегі «Алтай» шағын гидроэлектр станциясы;
1-2) Жетісу облысы Алакөл ауданындағы Тентек өзеніндегі гидроэлектр станцияларының каскады;
1-3) Жетісу облысындағы Көксу өзеніндегі гидроэлектр станцияларының каскады;
1-4) Жетісу облысы Сарқан ауданындағы Лепсі өзеніндегі бөгет;
1-5) Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзеніндегі шағын гидроэлектр станцияларының каскады;
2) Ертiс өзенiндегi Бұқтырма су қоймасы;
3) Ертіс өзеніндегі Өскемен су қоймасы;
4) Ертіс өзеніндегі Шүлбі су қоймасы;
5) Есiл өзенiндегi Астана су қоймасы;