Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарын жиһазбен, құрал-жабдықпен, қағазбен, мүкәммалмен, жабдықпен, спорттық және шаруашылық мүлікпен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 165 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарын жиһазбен, құрал-жабдықпен, қағазбен, мүкәммалмен, жабдықпен, спорттық және шаруашылық мүлікпен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарын жиһазбен, құрал-жабдықпен, қағазбен, мүкәммалмен, жабдықпен, спорттық және шаруашылық мүлікпен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 169 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Тылдық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
2) осы бұйрықты қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңңама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Эталондық бақылау нормативтік-құқықтық актілер банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.