Өзінің қарамағындағы заңды тұлға мәртебесiндегi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 2 қазандағы № 232 бұйрығы
(2026.06.01. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.15.12. № 346-Ө бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 6 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережесінің 15-тармағы 496) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Алматы мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер үшін тарифтер мөлшерлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Ақсу-Жабағылы» мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер үшін тарифтер мөлшерлері;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Батыс Алтай» мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер үшін тарифтер мөлшерлері;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қорғалжын» мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер үшін тарифтер мөлшерлері;