Қазақстан Республикасында ағза донорлығы мен трансплантологияны дамыту бойынша жол картасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 802 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында ағза донорлығы мен трансплантологияны дамыту бойынша жол картасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын.
2. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне ағза донорлығы мен трансплантологияны дамыту бойынша жол картасын 2022 жылғы 28 қаңтарға дейін әзірлеуді және енгізуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры А. Дүйсеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау вице-министрінің
2021 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 802 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасында ағза донорлығы мен
трансплантологияны дамыту бойынша жол картасын әзірлеу
жөніндегі жұмыс тобының құрамы
| Жанғарашева Гүлнара Қасенқызы | - | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - ҚР ДСМ) Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, төраға |
| Жұмағалиев Әділ Мұратбекұлы | - | Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры (келісім бойынша), төрағаның орынбасары |
| Ахметниязова Лаура Мұстафақызы | - | ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
| Алдынғұров Дәулет Қадырұлы | - | ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры |
| Темірханов Серікболсын Темірханұлы | - | ҚР ДСМ Заң департаменті директорының орынбасары |
| Ерназаров Әділет Әзіретұлы | - | ҚР ДСМ МӘМС үйлестіру департаменті басқармасының басшысы |