Қарағанды облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормаларын бекіту туралы
Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 31/12 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17472 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарағанды облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Қарағанды облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдау жүктелсін.