Егіндікөл ауданының аумағында Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 7С10-3 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 3-1 тармағына, «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Егіндікөл ауданының аумағында Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Егіндікөл аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Абилов |
Егіндікөл аудандық мәслихатының
2021 жылғы 12 қарашадағы
№ 7С10-3 шешімімен
бекітілген
Егіндікөл ауданының аумағында Жергілікті қоғамдастық жиналысының
регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 3-1-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;