Атбасар ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 «Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 16 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар ауданы әкімінің «Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6948 болып тіркелген, 2018 жылғы 28 желтоқсанда «Халық ақпарат» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Виншуге жүктелсін.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Атбасар ауданының әкімі | А. Калжанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Атбасар аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Т.Боранбаев
Атбасар ауданы әкімінің
2019 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 16 шешіміне
қосымша
Атбасар ауданы әкімінің
2018 жылғы 14 желтоқсан
№ 11 шешіміне
1-қосымша
Атбасар ауданының сайлау учаскелері
| 1. | № 199 сайлау учаскесі. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Покровка ауылы, Жастар көшесі, 6, «Атбасар ауданының білім бөлімінің Покровка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. Шекарасы: Покровка ауылы. |
| 2. | № 200 сайлау учаскесі. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Полтавка ауылы, Семен Петренко көшесі, 41, «Атбасар аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорыны жанындағы Полтавка ауылдық мәдениет үйінің ғимараты. Шекарасы: Полтавка ауылы. |