Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 218 Қаулысы
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3781 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 218 қаулысына қосымша
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 325
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің
тізбесі
| № | Су айдындары және (немесе) учаскелері | Ауданы, (га, км) | Орналасқан жері | Балық шаруашылығын жүргізу түрі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| Ақжайық ауданы |
| 1 | Бітік су қоймасы | 3540 га | Жаңабұлақ ауылынан батысқа қарай 27 км | Кәсіпшілік балық аулау |
| 2 | Дөңгелек су қоймасы | 3046 га | Қабыршақты ауылынан оңтүстікке қарай 12 км | Кәсіпшілік балық аулау |
| 3 | Грачи 1 өзені | 50 км | Көшім өзені бойымен Юлаево ауылы арқылы Бітік су қоймасының деңгейінен Дөңгелек су қоймасына дейін | Кәсіпшілік балық аулау |