«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры бойында орналасқан «Шорнақ» автоматты газ тарату станциясының күзет аймағын белгілеу және олардағы жерді пайдалану режимін айқындау туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2025 жылғы 28 мамырдағы № 121 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 121-бабына, Қазақстан Республикасының «Магистральдық құбыр туралы» Заңының 14-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шорнақ» автоматты газ тарату станциясының күзет аймағы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. «Шорнақ» автоматты газ тарату станциясының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимi осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Түркістан облысының әкімі | Н. Кушеров |
Түркістан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 28 мамырдағы
№ 121 қаулысына 1-қосымша
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральды газ құбыры бойында орналасқан «Шорнақ» автоматты газ тарату станциясының күзет аймағында орналасқан жер уческелерінің экспликациясы
| № | Жер пайдаланушылар | Кадастрлық номері | Жер көлемі, га | Күзет аймағы түсетін аумағы, га | Жер учаскесінің санаты |
| 1 | «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің | 19331001038 | 2,008 | 0,407 | Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер |
| 2 | «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің | 19331001035 | 2,586 | 0,573 | Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер |