Введите номер документа
Прайс-лист

«Павлодар облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 133/1 Қаулысы

Информация о документе
Датапятница, 16 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 9 июня 2025
Дата последнего измененияпятница, 16 мая 2025

Павлодар облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
Павлодар облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 133/1 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

2. «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы қаулының Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Павлодар облысының әкімі

А. Байханов

 

Павлодар облысы әкімдігінің

2025 жылғы 16 мамырдағы

№ 133/1 қаулысына қосымша

 

 

Павлодар облысы бойынша 2025 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемі

 

Отандық өндірістегі балық азығын сатып алуға тиесілі субсидия сомасы

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами