Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-48/5-20 «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қарашадағы № 7С-36/2-22 шешімі
Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 қаңтардағы № 8С-15/3-24 шешімімен күші жойылды
Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 6С-48/5-20 «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7841 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы | М. Абжиков |
Ерейментау аудандық мәслихатының
2022 жылғы 7 қарашадағы
№ 7С-36/2-22 шешіміне
Қосымша
Ерейментау аудандық мәслихатының
2020 жылғы 20 сәуірдегі
№ 6С-48/5-20 шешімімен
Бекітілген
Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидалары