«Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 180 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 120 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Даму жоспарының орындалуына жауапты Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары жыл сайын, келесі жылдың 25 қаңтар мерзімінен кешіктірмей Министрліктің Салааралық үйлестіру департаменті Даму жоспарын іске асыру туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Министрліктің Салааралық үйлестіру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етсін;
2) жыл сайын, келесі жылдың 15 ақпанынан кешіктірмей Даму жоспарын іске асыру туралы есепті дайындауды және оны Министрліктің ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2023 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 180 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің
2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары