«Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 132-ө Өкімі
«Экономиканы монополиясыздандыру жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 22 наурыздағы № 57-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген өкіммен құрылған Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның құрамы осы өкімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген өкіммен бекітілген Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Комиссия қызметінің мақсаты экономиканы монополиясыздандыру және оған мемлекеттің қатысуын қысқарту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шұғыл мәселелер туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімімен Комиссияның сырттай отырысы өткізілуі мүмкін.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Комиссияға:
1) телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиаактивтер және басқа салаларды монополиясыздандыру;
2) жеке кәсіпорындардың тауар нарықтарына жаппай қатысуын ынталандыру мақсатында мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту;
3) өндірістің негізгі факторларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
4) шектеулі ресурстармен биржалық және конкурстық сауда-саттық көлемін ұлғайту, биржалық сауда-саттық тізбесін кеңейту;
5) монополиялық нарықтарды қоспағанда, кәсiпкерлiк субъектiлердiң бағалары мен тарифтерiн реттеу, тарифтерді кросс-субсидиялау тәжірибесін жою бойынша шаралар қабылдауды қоса алғанда, бәсекелестiктi дамытуды тежейтін кедергiлердi жою мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу жөніндегі міндеттер жүктеледі.»;
мынадай мазмұндағы 7, 8, 9 және 10-тармақтармен толықтырылсын:
«7. Басқа консультативтік-кеңесші органдардың мәселелерін қарауды қайталамау мақсатында Комиссия өзінің негізгі міндеттеріне сәйкес келмейтін мәселелерді қарамайды.