Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 61 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен күші жойылды
«Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген жағдайда:
лицензия беру кезінде немесе бас тарту - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
Көрсетілетің қызметті беруші Көрсетілетің Қызметті алушының құжаттарын алған уақыттан бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырған құжаттарының толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесісы - жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 10-тармағымен қарастырылған негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.