2024 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы
Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 5 маусымдағы № 106 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген 5-тармағының 4) тармақшасына, 80-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтар) арналған субсидиялар тізбесі мен нормалары бекітілсін.
2. «Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының оның орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы әкімі | Н. Уранхаев |
Абай облысы әкімдігінің
2024 жылғы 5 маусымдағы
№ 106 қаулысына
қосымша
2024 жылға арналған пестицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) тізбесі мен субсидиялар нормалары
| Р/с № | Пестицидтердің түрі | Пестицидтер тобы бойынша белсенді зат | Өлшем бірлігі (литр,килограмм, грамм, дана) | 1 литріне (килограмм, грам, дана) субсидиялар нормасы, теңге |
| 1 | Д-АРМОН-Эфир 72%, эмульсия концентраты | 2 - этилгексил эфирі түріндегі 2,4-Д қышқылы | литр | 1100 |
| 2 | АМИНСПРЕЙ, сулы ерітінді | 2,4-Д диметиламин тұзы, 720 грамм/литр | литр | 1295 |
| 3 | ГЕКСИЛ ЭКСТРА, сулы ерітінді |
| 4 | ПРОГРЕС 720, сулы ерітінді |
| 5 | СУПЕРМЕН, сулы ерітінді |
| 6 | ГЛИФОС, сулы ерітінді | глифосат, 360 грамм/литр | литр | 1500 |
| 7 | Жойқын, сулы ерітінді |
| 8 | РИДАУТ, сулы ерітінді |
| 9 | СОНРАУНД 48%, сулы ерітінді |
| 10 | ТОТАЛ ПЛЮС, сулы ерітінді |
| 11 | ТРИУМФ 48%, сулы ерітінді |