Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің м.а. 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығы
(2015.25.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 9-бабы 1-тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015.25.12. № 18-04/1125 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Әкімшілік деректер жинауға арналған қоса берілген нысандар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес пайдаланушылармен балық және басқа да су жануарларын аулау квотасын игеру туралы мәлімет;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды жүзеге асыратын жануарлар дүниесi пайдаланушыларының қорықшылық қызметтері туралы мәлімет;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес пайдаланушылардың ағымдағы жылда балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржы көлемінің орындалуы туралы мәліметі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес пайдаланушылардың балық шаруашылық су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітудің барлық кезеңінде балық шаруашылығын дамытуға жоспарланған қаржы қаражатының көлемдері туралы мәліметі;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері туралы мәлімет;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері туралы мәлімет;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес пайдаланушыларды материалдық-техникалық жарақтау туралы мәлімет;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы саласымен айналысатын субъектілер бойынша мәлімет