Солтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің аумағында жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық мөлшерлемелерін белгілеу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 485 бірлескен қаулысы мен Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/8 шешімі
(2025.18.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 10-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының елді мекендері аумағында жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық мөлшерлемелері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Жер учаскелері үшін оларды жеке меншiкке бергенде жасалатын төлемақының базалық мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 380 бірлескен қаулысының және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 40/5 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық құжаттарды мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 қаңтарда № 1793 тіркелген және 2012 жылғы 28 қаңтарда «Солтүстік Қазақстан» газетінде және 2012 жылғы 28 қаңтарда «Северный Казахстан» газетінде жарияланған).
3. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің осы бірлескен қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың шешімі алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысының әкімі | Е. Сұлтанов |
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың хатшысы | Қ. Едіресов |