Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № А-5/202 Қаулысы
Осы редакция 2015 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімінің міндетін атқарушы | Р. Әкімов |
Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 20 мамырдағы
№ а-5/202 қаулысымен
бекітілген
«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Ақмола облысының аумағындағы білім және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.