Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 6 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 11-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі | А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2022 жылғы 12 қаңтардағы
№ 6 бұйрығына қосымша
Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру
қағидалары
1. Жалпы ережелері
1. Осы Психологиялық-педагогикалық қолдап отыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдап отыру тәртібін реттейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: