«Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 141 бұйрығы
(2023.11.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023.26.01. № 23 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 366 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18035 болып тіркелген, 2019 жылғы 10 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 20 наурыздағы № 72 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18422 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.