Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 255 шешімі
(2025.06.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Мұғалжар ауданында әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Мұғалжар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мұғалжар аудандық мәслихатының төрағасы | Б. Кадралин |
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2025.21.05. № 382 шешімімен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 6 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Мұғалжар аудандық мәслихатының
2024 жылғы 24 шілдедегі
№ 255 шешіміне 1 - қосымша
Мұғалжар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер