Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 шілдедегі № 236 Қаулысы
Осы редакция 2024 жылғы 24 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 4-тармағының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген), сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шемонаиха ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Молдахановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шемонаиха ауданының әкімі | Г. Акулов |
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 19 шілдедегі
№ 236 қаулысына қосымша
Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер