«Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 769 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 1579 Қаулысы
Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 769 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 141 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»;
көрсетілген қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы алынып тасталсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының сол жақ төменгі бұрышында орналасқан келісу белгісі жаңа редакцияда жазылсын:
««КЕЛІСІЛДІ»
Шымкент қалалық сайлау комиссиясы».
2. «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Шымкент қалалық сайлау
комиссиясы
Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 16 тамыздағы