Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АУДИТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ КӘСІБИ АУДИТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚЫ...

Информация о документе
Датавторник, 16 июля 2019
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 16 июля 2019

Аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдар қызметі саласындағы тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі № 724 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 65 бірлескен бұйрығы

 

Осы редакция 2021 жылғы 14 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Мыналар:

1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парағы;

2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кәсіби аудиторлық ұйымдарға қатысты аудиторлық қызмет саласындағы тексеру парағы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті заңанамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орынадалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Р.Б. Бекетаевқа жүктелсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами