Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 337 бұйрығы
(2023.03.11. берілген өзгерістермен)
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 2-тармағына және 18-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына, 22-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.30.10. № 372 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 3 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Алты ай мерзімге бидайды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 100119; 100199):
Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен;