«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 259 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 7 қарашада № 8780 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелері қызметкерлерінің лауазымдары үшін біліктілік талаптары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері таныстырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
| Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры | Б. Асылов |
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
Д. Жазықбаев
«__»_________ 2022 жыл
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 259 бұйрығымен бекітілген
қосымша