Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтердің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 165 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 586 бұйрығымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күшi жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 555-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеушілер және салық салу объектілері туралы мәліметтердің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |