Атырау облыстық мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 108-VII «Атырау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 20 маусымдағы № 164-VII шешімі
Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Атырау облыстық мәслихатының «Атырау облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастарының тізбесін айқындау туралы» 2021 жылғы 13 желтоқсандағы № 108-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25831 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат хатшысы | А. Наутиев |
Атырау облыстық мәслихатының
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 164-VII шешіміне 1-қосымша
Атырау облыстық мәслихатының
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 108-VII шешіміне 1-қосымша
Атырау облысы бойынша ауданаралық (қалааралық облысішілік) автомобиль қатынастарының
тізбесі
| № р\с | Бағыт нөмірі | Қатынастар |
| 1. | №129 | Атырау-Құлсары |
| 2. | №110 | Атырауы-Индер |
| 3. | №104 | Атырау-Махамбет |
| 4. | №96 | Атырау-Құрманғазы |
| 5. | №86 | Атырау-Миялы |
| 6. | №133 | Атырау-Мақат |
| 7. | №98 | Атырау-Аққыстау |
| 8. | №101 | Атырау - Ақжайық |
| 9. | №102 | Атырау – Сағыз |
| 10. | №103 | Атырау – Сарайшық - Жалғансай |
| 11. | №105 | Атырау - Бейбарыс |
Атырау облыстық мәслихатының
2022 жылғы 20 маусымдағы
№ 164-VII шешіміне 2-қосымша
Атырау облыстық мәслихатының
2021 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 108-VII шешіміне 2-қосымша
Атырау облысы бойынша ауданішілік автомобиль қатынастарының тізбесі
| № р\с | Бағыт нөмірі | Қатынастар |
| 1. | №1 | Ауданішілік маршрут Мақат кенті Локомотив шағын ауданы - Ынтымақ шағын ауданы |
| 2. | №2 | Ауданішілік маршрут Доссор кенті А.Нұрсейтов көшесі - Ә.Мантаев көшесі |
| 3. | №3 | Мақат кенті - Доссор кенті |
| 4. | №4 | 402 Бекет - 4 бөлімше |