ҚР СТ 3889-2023
Азық-түлік емес тауарларды
сот-сараптамалық тауартанушылық зерттеу
Терминдер мен анықтамалар
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология комитеті
(Мемстандарт)
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер мен анықтамалар
Библиография
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт сот-сараптамалық тауартанушылық зерттеу саласындағы терминдер мен анықтамаларды белгілейді.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта нормативтік сілтемелер жоқ.
3. Терминдер мен анықтамалар
Осы стандарт тиісті анықтамалары бар терминдерді белгілейді:
3.1 Антропометриялық көрсеткіштер - тауар конструкциясының адам денесінің ерекшеліктеріне сәйкестігін сипаттау үшін пайдаланылатын көрсеткіштер; тауармен жанасатын дене пішіні және оның жекелеген бөліктері; адам салмағының таралуы.
3.2 Тауарлар ассортименті - қандай да бір немесе белгілер жиынтығы бойынша біріктірілген тауарлар жинағы.
3.3 Ассортимент тобы - жұмыс істеу қағидаттарының сәйкестілік белгілерімен (мысалы, теледидарлар ассортименті) немесе тұтынушылардың бірдей санаттарына (балалар киімі) сатудың немесе сауда кәсіпорындарының бір тобы (дәріхана тауарлары) арқылы сатудың немесе тауарлардың белгілі бір ауқымындағы сауданың (арзан тауарлардың ассортименті) жиынтығымен біріктірілген тауарлар жиынтығы.
3.4 Тауарлардың ассортименттік сипаттамасы - олардың функционалдық немесе әлеуметтік мақсатын анықтайтын, тауарлардың ерекше түрлік қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы.
3.5 Ацетилцеллюлоза - тамақ өнімдерін (нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер) орау үшін, сондай-ақ гүл композицияларын орау, сыйлықтар безендіру үшін мөлдір немесе боялған жұқа үлдірлер ретінде қолданылады.
3.6 Алмаз беті - үшбұрышты қиманың ойықтары (жұлдыз тәрізді), шұңқырлар, сопақшалар, шеңберлер (шұңқыр) түрінде жоғарғы қабатты тереңірек алып тастау, беттері жылтыратылған.
3.7 Арматуралық сымдар - жарықтандыру арматурасында электр сымдарына қызмет етеді.
3.8 Сапаның негізгі көрсеткіші - сапаны салыстырмалы бағалау кезінде эталон ретінде қабылданған сапа көрсеткіші.