Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫН БАСҚАРУ КЕҢЕС...

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 16 ноября 2015
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 16 ноября 2015

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесiнiң кейбір мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығы

(2015.16.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2022 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 25-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару кеңесi (бұдан әрі - Кеңес) - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) Кеңес құрамы;

2) Кеңес туралы ереже бекiтілсiн.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кейбір мәселелерi туралы» 2001 жылғы 29 қаңтардағы № 543 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 42-құжат; 2003 ж., № 6, 60-құжат, № 46, 502-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

1) 1-тармақ алынып тасталсын;

2) 4-тармақта «осы Жарлықтың 3-тармағында көрсетiлген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс iстеу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлген күнiнен бастап күшiне енетiн Ереженiң 6-тармағынан, сондай-ақ 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн Ереженiң 7-тармағының 1) тармақшасынан басқа,» деген сөздер алынып тасталсын.

4. Осы Жарлық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

 

 

 

Н. Назарбаев

 

ҚР Президентінің 2011.26.07. № 128 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2012.13.03. № 284 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2013.27.03. № 533 Жарлығымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді; ҚР Президентінің 2014.06.08. № 888 Жарлығымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.17.09. № 911 Жарлығымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Президентінің

2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 1509 Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН

 

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами