Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығы
(2017.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 2016.29.11. № 687 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 1000 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының м.а. 2016.29.11. № 687 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы ережесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Степногорск қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақкөл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережесі осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;