Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының және аумақтық бөлімшелерінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 18 қазандағы № 424 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 15 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 829 қаулысына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 3-тармағының 65-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Арнайы және инклюзивтік білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің «Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы» Республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жарғысы бекітілсін;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;