«Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 18 мамырдағы № 94 Қаулысы
(2024.29.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1)жоғарыда көрсетілген Ереженің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2)осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның орыс және қазақ тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3)осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.