ҚР СТ 3986-2024
Көрме-жәрмеңке қызметі
Негізгі ережелер
ҚР СТ 3986-2024
Көрме-жәрмеңке қызметі
Негізгі ережелер
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер мен анықтамалар
4. Жалпы ережелер
5. Көрме-жәрмеңке іс-шарасы сервистерінің түрлері
6. Интернет-ресурстарда көрме немесе көрме-жәрмеңке алаңын ұйымдастыру
Библиография
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт көрме-жәрмеңке қызметі саласындағы негізгі ережелерді белгілейді.
Осы стандарт әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдарға, сондай-ақ көрме-жәрмеңке қызметін жүзеге асыратын және көрме-жәрмеңке қызметтерін көрсететін жеке кәсіпкерлерге қолданылады.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы стандартты қолдану үшін мынадай сілтемелік стандарттау жөніндегі құжаттар қажет:
ГОСТ 32608-2014 Көрме-жәрмеңке қызметі. Терминдер мен анықтамалар.
ҚР ҰЖ 03-2019 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы.
Ескертпе - Осы стандартты пайдалану кезінде сілтемелік стандарттар мен жіктеуіштердің қолданысын ағымдағы жылдағы жай-күйі бойынша «Стандарттау жөніндегі құжаттар» жыл сайын басылып шығарылатын каталогы бойынша және ағымдағы жылда жарияланған стандарттардың тиісті мерзімді басылып шығарылатын ақпараттық сілтемелер бойынша тексерген дұрыс. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы стандартты пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) стандартты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылса, онда оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады.
3. Терминдер мен анықтамалар
Осы стандартта [1], [2], ГОСТ 32608 бойынша терминдер қолданылады.
4. Жалпы ережелер