Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жайлар мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайман мен және құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 11 шілдедегі № 718 бұйрығы
ҚР Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 472 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі қызметтік, тұрмыстық, өндірістік үй-жайлар мен аумақты жинау үшін сабын-жуғыш заттармен, құрал-сайман мен және құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери инфрақұрылым бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) осы бұйрықты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;