Білім беру және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2022 жылғы 18 қазандағы № 34 бұйрығы
Осы редакция 2025 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 22) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы есеп» (индексі 2-НК, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру туралы есеп» (индексі 2-НК, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының есебі» (индексі ОВПО, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының есебі» (индексі ОВПО, кезеңділігі жылына бір рет) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) «Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар туралы есеп» (индексі 1-ғылым, кезеңділігі жылдық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;