«Атырау облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 274 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 100 Қаулысы
Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 20 қаңтардағы № 8 Қаулысымен күші жойылды
Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Атырау облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3983 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысының спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.