Введите номер документа
Прайс-лист

«Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 30 мамырдағы № 91 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 30 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 15 июня 2025
Дата последнего измененияпятница, 30 мая 2025

Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 30 мамырдағы № 91 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. «Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 100 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 мамырда № 32448 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Заң департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысына жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасы

 

Д. Жазықбай

 

Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігі төрағасы

2025 жылғы 30 мамырдағы

№ 91

 

 

Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу

қағидалары

 

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы зерттеулер, консалтингтік қызметтер құнын белгілеу Қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және зерттеулер, консалтингтік қызметтер құнын белгілеу тәртібін айқындайды.

 

 

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами