Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын облыстар арасында бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 543 бұйрығы
(2023.17.11. берілген өзгерістермен)
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңының 11-бабының 4-2) тармақшасына және «Қандасдар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 542 бұйрығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы облыстар арасында бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті осы бұйрық күшіне енген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде:
1) осы бұйрықты жұмыста басшылыққа алу үшін облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мен астаның әкімдіктерінің назарына жеткізсін.
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.