Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ведомстволық бюджет комиссиясының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № 43 бұйрығы
Осы редакция 2022 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 57-бабының 6-тармағына, 58-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ведомстволық бюджет комиссиясы құрылсын.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ведомстволық бюджет комиссиясы туралы ереже бекітілсін.
3. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегиялық және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі Ведомстволық бюджеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 311 бұйрығының;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің стратегиялық және бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі ведомстволық бюджеттік комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 14 шілдедегі № 311 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 144 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А.С. Сапаровқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2021 жылғы 15 ақпандағы
№ 43 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Ведомстволық бюджет комиссиясы құрамы
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | - | комиссия төрағасы; |
| Бірінші вице-министр | - | комиссия төрағасының орынбасары; |