«Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 3 маусымдағы № 24 шешімі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман Кодексінің 14-бабының 2) тармақшасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 506-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2009 жылғы 12 маусымдағы № 344 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5719 тіркелген, Мемлекеттік орман қорында және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орман пайдалану үшін төлем ставкаларын есептеуге арналған Ережелердің 4 және 8-тармақтарына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкалары туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 236 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3326 тіркелген, 2010 жылғы 9 ақпанда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1, 2, 3-қосымшалар осы шешімге 1, 2, 3- қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы | Облыстық мәслихаттың хатшысы |
| Ж. МҰХАМБЕТПАЙЗОВА | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
Ақтөбе облыстық мәслихатының
2016 жылғы 3 маусымдағы
№ 24 шешіміне
1- қосымша
облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 236 шешіміне
1- қосымша