Қостанай ауданы Мичуринское ауылының шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 23 тамыздағы № 510 бірлескен қаулысы және Қостанай облысы Қостанай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 163 шешімі
(2024.26.04. берілген өзгерістермен)
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес, Мичуринское ауылының шекарасына (шегіне) Мичурин ауылдық округінің жерлерінен жалпы алаңы 357,8 гектар жер учаскелерін қоса отырып, Қостанай ауданы Мичуринское ауылының шекарасы (шегі) өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай ауданының әкімі | К. Ахметов |
| Қостанай аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясының төрағасы | Б. Утебекова |
| Қостанай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Копжасаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қостанай ауданы әкімдігінің
«Жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Темирбаев
23 тамыз 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қостанай ауданы әкімдігінің
«Сәулет және қала құрылысы