Жезқазған қаласы (Кеңгір селолық округі, Сарыкеңгір селолық округі, Талап селолық округі) бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы
Ұлытау облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 7/44 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Жезқазған қаласы (Кеңгір селолық округі, Сарыкеңгір селолық округі, Талап селолық округі) жерлері бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
| Жезқазған қалалық маслихатының төрағасы | Р. Капарова |
Жезқазған қаласы (Кеңгір селолық округі, Сарыкеңгір селолық округі, Талап селолық округі) бойынша 2023-2024 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану
жоспары
Жоспар бойынша жайылымдарды басқару, оларды пайдалану жерлерінде Жезқазған қаласының 2023-2024 жылдары (бұдан әрі - Жоспар) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының 20 ақпандағы 2017 жылғы «Жайылымдар туралы».Бұл Жоспар жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануды,жемшөп қажеттігін тұрақты қамтамасыз етуді және жайылымдарың деградация процестерінің алдын алуды қамтамасыз етеді.
Жоспар:
1) Жезқазған қаласы жерлерінің аумағында кездесетін топырақтың жүйелі тізімі 2023-2024 жылдарға арналған Жезқазған қаласы жерлеріндегі жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі жоспарға 1-қосымшаға сәйкес ұсынылған.
2) Жер қорының жер санаттары бойынша кестесі 2023-2024 жылдарға арналған Жезқазған қаласының жерлеріндегі жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға 2-қосымшаға сәйкес ұсынылған.