Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған Бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 633 бұйрығы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 32-бабына, 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 276-VI ҚРЗ «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған Бюджеттік бағдарламалары бекітілсін.
2. Құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары Әділет министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған Бюджеттік бағдарламаларында көзделген іс-шараларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етсін.
3. Экономика және қаржы департаменті осы бұйрықты үш күнтізбелік күні ішінде Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| «КЕЛІСІЛДІ» | «КЕЛІСІЛДІ» |
| Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов 20 жылғы «___»_____________ | Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі Б. Шолпанқұлов 20 жылғы «___»_____________ |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Жауапты хатшысының м.а.
Е.Г. Холмецкая
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
2019 ж. «_» ____________
М.О.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 ж. 30 желтоқсандағы
№ 633 бұйрығымен бекітілді
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА
221 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы
2020-2022 жылдарға арналған
| Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы | 001 «Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету» |