Введите номер документа
Прайс-лист

«Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 601/НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 251 НҚ бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 26 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 31 мая 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 26 мая 2025

 «Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 601/НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы № 251 НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 601/НҚ бұйрығына келесідей толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау Қағидаларында:

келесідей мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

«17-1. Цифрлық трансформация картасы осы Қағидалардағы қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады. Нысан құрылымның біркелкілігін, ақпараттың толықтығын және цифрлық бастамалардың салыстырмалылығын қамтамасыз етуге арналған.»;

осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің салаларды цифрландыру департаменті:

1) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами