Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 8-13-1 шешімі
(2025.15.06. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Құкықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құкықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Айыртау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының төрағасы | Г. Абулкаирова |
Айыртау аудандық мәслихатының
2024 жылғы 29 наурыздағы
№ 8-13-1 шешіміне
1 - қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер