Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 16/19 шешімі
(2025.30.05. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабы 5-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құралыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміде № 33763 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың төрағасы | А. Асанова |
Тимирязев аудандық мәслихаты
2024 жылғы 17 мамырдағы
№ 16/19 шешіміне 1-қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер