Осы редакция 2019 жылғы 9 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018.16.01. № 33 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ бұйрығына 8-қосымша
«Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық
нормаларына сәйкестігі куәлігін беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elisense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы порталда құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні.
Қосымша ұсынылған құжаттарды зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күнге дейін ұзартылады;
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - азаматтық әуе кемесі данасының ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкестігі куәлігі немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде.