2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 3 шілдедегі № 113 Қаулысы
«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2024-2025 оқу жылына орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
| Қызылорда облысының әкімі | Н. Нәлібаев |
Қызылорда облысы әкімінің
2024 жылғы 3 шілдедегі
№ 113 қаулысына 1 - қосымша
2024-2025 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
| № | Мамандық (біліктілік) атауы | Мамандық (біліктілік) коды | Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі, орындар саны (күндізгі оқу нысаны) | Бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (мың теңге) |
| 9-сынып базасында | 11-сынып базасында |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 01120100 - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту |
| 1 | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі | 4S01120102 | 40 | - | 516,9 |
| 01140100 - Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі |
| 2 | Бастауыш білім беру мұғалімі | 4S01140101 | 50 | - | 516,9 |
| 01140200 - Музыкалық білім беру |
| 3 | Мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі орта білім берудің музыка мұғалімі | 4S01140201 | 20 | - | 516,9 |
| 01140300 - Көркем еңбек |
| 4 | Көркем еңбек мұғалімі | 4S01140301 | 20 | - | 516,9 |
| 01140500 - Дене тәрбиесі және спорт |
| 5 | Спорт жаттықтырушысы - оқытушы | 4S01140503 | - | 20 | 516,9 |
| 01140600 - Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі |
| 6 | Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі | 4S01140601 | 25 | - | 516,9 |
| 7 | Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі | 4S01140602 | 25 | - | 516,9 |