Арқалық қалалық мәслихатының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 165 шешімі
Қостанай облысы Арқалық қаласы мәслихатының 2024 жылғы 31 шілдедегі № 118 шешімімен күші жойылды
Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Арқалық қалалық мәслихатының «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы № 236 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5528 нөмірімен тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.»;
көрсетілген шешімнің бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларының жоғары оң жақ бұрыштағы сілтемесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Арқалық қалалық мәслихатының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 236 шешіміне
1-қосымша»;
көрсетілген шешімнің қосымшасының жоғары оң жақ бұрыштағы сілтемесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Арқалық қалалық мәслихатының
2015 жылғы 20 наурыздағы
№ 236 шешіміне
2-қосымша»;
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Арқалық қалалық мәслихатының хатшысы | Г. Елтебаева |
Арқалық қалалық мәслихатының
2022 жылғы 18 қарашадағы
№ 165 шешіміне
қосымша